Алматыда жауған қардың қалыңдығы 15 сантиметрден асты

Сырым Қаржас
Алматы әкімдігі

Алматыда қар 16 қаңтарда таңертең басталып, "Қазгидромет" РМК болжамынша, бірде тоқтап, бірде жауып 18 қаңтар күні таңға дейін жалғасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

17 қаңтар сағат 08:00-дегі жағдай бойынша қалаға 15 сантиметрден астам қар түсті. 

Метеорологиялық станциялардың дерегінше, қар жамылғысының биіктігі мынадай:

  •  Авиациялық метеостанция "Әуежайда" – 11 сантиметр;
  • Каменск үстірті» метеостанциясында – 38 сантиметр;
  • "Шымбұлақ" метеостанциясында –  49 сантиметр.

– Коммуналдық қызмет қар жауа бастаған сәттен бастап күшейтілген тәулік бойы жұмыс режиміне көшкен. Жұмыстарға 2,8 мыңнан астам жол саласы жұмысшысы және 1 250 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 75 жедел бригада жұмыс істеп, ылди, дөң және жолайырықтарға көктайғаққа қарсы қоспа себілді, - деп хабарлады Алматы коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" 18 қаңтардағы ауа райына болжам ұсынды.