Жүк көлігін тізгіндегендер үшін жағымды жаңалық

Ілияс Бақыт
Әлеуметтік желіден

Алғаш рет бұл тыйым 2022 жылы қабылданып, 2026 жылға дейін кейінге қалдырылған еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алайда өткен жылдың күзінде депутаттар оны алып тастауды ұсынды. Себебі ол құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және ауыл шаруашылығында пайдаланылатын 36,5 мыңнан астам көлікке әсер ететін.

Депутат Болатбек Әлиевтің айтуынша, жолдардың бұзылуы самосвалдардың салмағынан емес, сапасыз құрылыс пен бақылау жүйесінің әлсіздігінен туындайды:

«Бір қарағанда бұл тыйым жолдарды қорғау үшін қабылданғандай көрінеді. Шын мәнінде – кәсіби емес шешім. Бұрын да өз тиімсіздігін көрсеткен. Егер жолдар бұзылса, оған көліктің кузовы емес, сапасыз құрылыс пен қадағалау жүйесі кінәлі», – деген еді ол.

Депутаттар қоғамға түсініксіз қосарланған көзқарасты сынға алды. Себебі үш осьті шассиді тек самосвалдар ғана емес, бетон араластырғыштар, контейнер таситын көліктер, астық таситын жүк көліктері және автобустар да пайдаланады.

МАҢЫЗДЫ

Қоғам тарапынан қатты сынға ұшыраған тыйым ресми түрде жойылды. Заң 13 қаңтарда жарияланып, шектеулер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшін жойды.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Қазақстан бойынша жұмыс істейтін ірі жанармай құю станциялары желісі әжетханаға кіру үшін ақы ала бастағаны хабарланған болатын.