ТОЛЫҒЫРАҚ
Бұл бұзушылықтар бірден жүргізуші куәлігінен айыруға әкелмейді, алайда екі ай ішінде теориялық емтиханды қайта тапсыру қажет. Егер жүргізуші белгіленген мерзімде емтихан тапсырмаса, сот шешімімен куәлік күшін жояды. Құжатты қайтару үшін теориялық және практикалық емтиханды қайта тапсыруға тура келеді.
БҰЗУШЫЛЫҚТАР ТІЗІМІ
- 594-БАП, 4-БӨЛІК
Жыл ішінде қайталанған жағдайда: жол қиылысына немесе жолдың қиылысқан бөлігіне кептеліс кезінде кіріп, көлденең бағыттағы көліктердің қозғалысына кедергі келтіру.
Жаза: 7 айлық есептік көрсеткіш (30 275 теңге).
- 596-БАП, 4-БӨЛІК
Жыл ішінде қайталанған жағдайда: жаяу жүргіншілер жолымен, тротуармен немесе жол жиегімен жүру; көлікті жолда дұрыс орналастырмау; қарсы қозғалыс немесе маневр ережесін бұзу; ұйымдастырылған көлік немесе жаяу колоннаны кесіп өту немесе оның құрамына заңсыз қосылу.
Жаза: 13 айлық есептік көрсеткіш.
- 598-БАП, 2-БӨЛІК
Жыл ішінде қайталанған жағдайда: арнайы жарық және дыбыс сигналдарын қосқан арнайы көліктерге жол бермеу.
Жаза: 40 айлық есептік көрсеткіш немесе 20 сағат қоғамдық жұмыс.
- 599-БАП, 2-БӨЛІК
Жыл ішінде қайталанған жағдайда: бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына қарамай өту.
Жаза: 15 айлық есептік көрсеткіш.
- 600-БАП, 2-БӨЛІК
Жыл ішінде қайталанған жағдайда: жаяу жүргіншілерге немесе басқа жол қозғалысына қатысушыларға (арнайы көліктерден басқа) жол бермеу.
Жаза: 15 айлық есептік көрсеткіш.