АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери әрекеттерді жоққа шығармайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Оның сөзінше, "бізде армада бар, үлкен флот сол бағытқа қарай қозғалып барады, бұл – сақтық үшін”.
“Мүмкін, оны қолдануға тура келмес. Көрерміз," – деді ол 22 қаңтар күні Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумынан қайтып келе жатып журналистерге.
АҚШ-ТЫҢ РЕСМИ МӘЛІМЕТТЕРІ
Ақ үй басшысы әскери күш қолданғысы келмейтінін де атап өтті:
"Біз Иранды бақылап отырмыз. Мен ештеңе болмаса екен деймін, бірақ біз оларды өте мұқият қадағалап отырмыз," – деді Трамп.
Reuters агенттігінің дерегінше, жақын күндері Таяу Шығысқа "Авраам Линкольн" атты әуе тасымалдаушы кемесі және басқарылатын зымырандары бар бірнеше эсминец жетеді. Сондай-ақ АҚШ базаларын ықтимал соққылардан қорғау үшін қосымша әуе қорғаныс жүйелерін орналастыру мүмкіндігі қарастырылып жатқаны хабарланды.
HRANA ЕСЕБІ
АҚШ-та орналасқан HRANA құқық қорғау желісінің дерегінше, Ирандағы жаппай антиүкіметтік наразылықтарды күшпен басу кезінде 5002 адам қаза тапқан. Олардың ішінде:
Қосымша 9787 өлім жағдайы әлі тергелу үстінде.
ИРАН БИЛІГІНІҢ БАҒАЛАУЫ
Бұған дейін Иран үкіметінің өкілі Reuters агенттігіне анонимді түрде берген мәліметінде де кемінде 5000 адамның қаза тапқанын, оның ішінде шамамен 500 қауіпсіздік қызметкері бар екенін айтқан. Ол "бейкүнә ирандықтардың" өліміне наразылардың өзін кінәлаған.
ЖАППАЙ ҚАМАУ
HRANA белсенділерінің дерегінше, шамамен 26 800 адам ұсталған. Иранның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары да соңғы күндері елдің бірнеше аймағында көптеген адамдардың қамауға алынғанын хабарлады.