Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы орталық комитетінің бас хатшысына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды Вьетнам Коммунистік партиясы орталық комитетінің бас хатшысы қызметіне қайта сайлануымен құттықтады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның Вьетнамды дәйекті түрде дамытуға бағытталған барлық бастамасының табысты жүзеге асуына тілектестік білдірді.