Қазақстанда қаңтар айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу 10 қаңтардан бастап өткізіліп келеді.Ғылым және жоғары білім министрлігі осы уақыт ішінде 173 ереже бұзушылық тіркелген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
СМАРТФОН ЖӘНЕ ШПАРГАЛКА
Барлығы 108 талапкер смартфон мен шпаргалка алып кіруге әрекет жасағаны үшін емтихан тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тағы 65 адам тестілеу кезінде ережені бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Қазіргі уақытқа дейін басқа адамның орнына кірген жалған тұлғалар анықталған жоқ.
ВИДЕОЖАЗБАЛАРДЫҢ ТАЛДАУЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Министрлік өкілдері: «Ұлттық бірыңғай тестілеу аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін бейнежазбалар талданады. Егер тыйым салынған заттарды қолдану немесе ережені бұзу фактілері анықталса, нәтижелер жойылады», – деп ескертті.
АПЕЛЛЯЦИЯ ЖАСАУ МҮМКІНДІГІ
Тапсырмалар мазмұнына қатысты апелляцияны емтиханнан кейінгі 30 минут ішінде беруге болады. Ал техникалық себептерге байланысты шағымды тестілеу барысында жасауға рұқсат етіледі.
ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
Екі апта ішінде қатысушылардың 65 пайызы шекті балды жинады. Орташа нәтиже – 61 балл, ең жоғары көрсеткіш – 138 балл. Жалпы қаңтардағы тестілеуге шамамен 90 мың адам қатысты.