Германия Украинаға 33 мобильді станция жіберді

Ілияс Бақыт
Ашық дереккөзден

Украинадағы Германияның жаңа елшісі Хайко Томстың айтуынша, жақын күндері Украинаға 33 мобильді жылу-электр станциясы жеткізіледі. Әрбір станция ондаған мың адамды жылумен және электр қуатымен қамтамасыз ете алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЕЛШІНІҢ МӘЛІМЕТІ

28 қаңтар күні «Суспільне» телеарнасына берген сұхбатында Хайко Томс айты.

«Бұл жерде әр түн сайын болып жатқан жағдай – әскери қылмыс. Мұның барлығы бейбіт тұрғындарды қорқыту үшін жасалып отыр. Сіздерге қазір қолдау қажет, және ол қолдау көрсетіледі», – деп мәлімдеді.

Ол Германия үкіметінің атынан мобильді станциялар берілетінін хабарлап, елінің Украинаға генераторлар, энергия жинақтау жүйелері және энергетикадағы жөндеу жұмыстарына арналған көліктерді де жеткізіп жатқанын еске салды.

ҚУАТТЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚИЫНДЫҚТАРЫ

Елшінің айтуынша, бұл 33 станция миллиондаған адамды электр қуатымен қамтамасыз ете алады.

«Негізгі қиындық – оларды қосу процесі. Генераторлардағыдай, бұл да уақытты қажет етеді. Бірақ біз бірге жұмыс істеп, мүмкіндігінше тезірек іске асырамыз», – деді Хайко Томс.

ӘЛЕМДІК ҚОЛДАУ

Ресейдің Украинадағы энергетикалық нысандарға бағытталған жаппай шабуылдары кезінде көптеген мемлекеттер көмек ұйымдастыруда.

  • 18 қаңтарда Stand With Ukraine қоры «Польшадан Киевке жылу» атты қайырымдылық акциясын бастап, 8 миллион злотый (шамамен 2 миллион еуро) жинады. Алғашқы генераторлар 26 қаңтарда Киевке жеткізілді, келесі партия Харьков пен Сум облыстарына жіберіледі.
  • 21 қаңтарда Нидерланд пен Дания Украина энергетикасына қолдау үшін 43 миллион еуро бөлетінін жариялады.
  • 22 қаңтарда Литва сыртқы істер министрі Кястутис Будрис елінің 2 миллион еуродан астам электр генераторларын жіберетінін айтты.
  • 23 қаңтарда Словакиядағы Украина елшілігі халыққа көмек үшін 530 мың еуро жинады. Алғашқы жүк көлігі 29 қаңтарда Черниговке, екіншісі Сумы облысына жөнелтіледі.
  • 25 қаңтарда Чехия белсенділері төрт күн ішінде 4 миллион еуро жинап, генераторлар мен аккумуляторлар сатып алды.
  • 27 қаңтарда Еуропалық одақ Украинаға 447 генераторды (3,7 миллион еуро) тапсырды. Оның жүзден астамы Киевке жіберіліп, маңызды инфрақұрылым нысандарын қамтамасыз етуге бағытталды.
  • Финляндия да қолдау көрсетіп, қуатты трансформаторлар, генераторлар, мобильді қазандықтар және шабуылдан зақымданған желілерді қалпына келтіруге арналған жабдықтар жіберді.