Алакөл ауданының Арқарлы ауылында әкімнің орынбасары сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Алакөл ауданының Арқарлы ауылында электр желілерін салу және қайта жаңғырту кезінде аудан әкімінің орынбасары қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, іс жүзінде орындалмаған жұмыстар туралы актілерге қол қойған. Нәтижесінде бюджет есебінен 189 млн теңгеден астам сома заңсыз аударылған.
Мемлекеттік айыптау ҚР ҚК-нің 361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы (ауыр салдарға әкеп соққан қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану,) бойынша қылмыс жасаған лауазымды тұлғаның кінәсін толық дәлелдеді.
СОТ ҮКІМІ
Алакөл аудандық сотының үкімімен аудан әкімінің орынбасары мүлкін тәркілемей, 5 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Қабылданған шаралар қадағалау органының қағидатты ұстанымын көрсетеді: атқаратын лауазымына қарамастан заң алдында барлығы тең.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.