Шымкент қаласында «Qazaqgaz Aimaq» акционерлік қоғамының аймақтық өндірістік филиалына қатысты тергеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛҒАН ТҰТЫНУШЫЛАР
Қалалық Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті филиалдың үстем жағдайын пайдаланып, 1755 тұтынушының заңды құқықтарын шектегенін анықтады.
РЕСМИ ШЕШІМ
Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Кодексінің 226-бабына сәйкес заң бұзушылықтарды тоқтату және оның салдарын жою туралы нұсқама берілді. Алғашқы жағдайды қалпына келтіру үшін жалпы сомасы 80,9 миллион теңге көлемінде қайта есептеу жүргізіліп, ол 1755 тұтынушының пайдасына қайтарылмақ.
БҰҒАН ДЕЙІН
Жергілікті атқарушы органдар абаттандыру талаптарын бұзғандар мен қоршаған ортаны ластағандар үшін айыппұл салу құқығына ие болатыны белгілі болған.
2026 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстанда Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және барлық облыстардың әкімдіктеріне Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің абаттандыруды бұзу және қоршаған ортаны ластауға қатысты баптары бойынша хаттама толтыру құқығы беріледі.
Бұған дейін қоқыс тастау мен аумақты ластағаны үшін айыппұлды тек полиция қызметкерлері ғана салатын. Бұл — ӘҚБтК-нің 434-2 және 505-баптары.