Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны Australian Open теннис турнирінің финалындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Тоқаев Рыбакинаға алдағы уақытта да ең беделді турнирлерде жеңіске жетуге тілектестік білдірді.
– Сізді спорттағы кезекті тамаша жетістігіңізбен – теннистен Австралия ашық чемпионатындағы керемет, айқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз жеңіске деген ерік-жігеріңіз бен мінсіз шеберлігіңізді тағы да дәлелдедіңіз, бұған бүкіл әлемнің теннис қауымдастығы сүйсіне қарады. Алдағы уақытта да ең беделді турнирлерде жеңіске жете беруіңізге тілектеспін! – делінген құттықтауда.
КОНТЕКСТ
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 5-орын) турнирдің финалында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы ұтып, Australian Open-2026 чемпионы атанды.
Финалдық кездесуде Рыбакина үш сетте жеңіске жетті – 6:4, 4:6, 6:4.
Рыбакина матчтың шешуші сетінде 0:3 есебімен артта қалып кеткенімен, кейінірек қуып жетіп, соңында жеңісті жұлып алды.