Өскеменде тұмшаға байланысты балалар қайтадан үйден оқиды

Сырым Қаржас
ашық дереккөз

Өскеменде ауаланың ластануына байланысты оқушылар тағы да қашықтан оқыту форматына көшіріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Дүйсенбі, 2 ақпанда қаладағы барлық мектеп - нөлінші сыныптан 11-сыныпқа дейін, екі ауысым да онлайн форматқа ауыстырылды.

Мұндай шешім екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың сақталуына байланысты қабылданды. Сабақтар әдеттегі кесте бойынша өтеді, бірақ қашықтан жүргізіледі.

БҰҒАН ДЕЙІН

Бұған дейін Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай жарияланғаннан кейін мамандар қаладағы ауаның сапасын тексергені хабарланған болатын.