Кеңес Рақышев Шавкат Рахмоновқа қолдау білдірді

Сырым Қаржас
Фото: instagram

Қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышев аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа қолдау білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Айта кетейік, желіде Рахмоновтың жарақат алғаны туралы ақпарат тараған болатын. 

Рақышев әлеуметтік желідегі парақшасында спортшының кезекті жарақаты туралы жаңалықты ауыр қабылдағанын айтып, оған аға ретінде демеу көрсеткісі келетінін жазды. Оның сөзінше, Рахмонов қиын балалық шақтан өтіп, жастайынан ауыр еңбекпен шыңдалған, сондықтан бұл кезең де уақытша сынақтардың бірі.

- Ең бастысы — деннің сау болуы. Қалғанының бәрі екінші орында, — деп жазды кәсіпкер.

Кеңес Рақышев Шавкат Рахмоновтың қайсар мінезі мен ерекше күшке ие екенін әлдеқашан дәлелдегенін атап өтті. Оның айтуынша, Рахмонов тек қазақстандық жанкүйерлерге ғана емес, бүкіл әлемге өз деңгейін көрсеткен.

Сонымен қатар, кәсіпкер Шавкат Рахмоновтың UFC ұйымында өнер көрсетуі қазақстандық спортшыларға жол ашып, жас буынға үлкен мотивация бергенін айтты.

- Талай жастың жүрегінде үміт отын жағып, үлкен мақсатқа жетудің кілті — еңбек пен сабыр екенін дәлелдеді, — деді ол.

Жазбасының соңында Кеңес Рақышев спортшыға саулық тілеп, қазақстандықтар әрдайым оның жанында екенін жеткізді.

СҰҚБАТ

Еске салайық, Шавкат Рахмонов Ұлысмедианың бас редакторы Самал Ибраеваға эксклюзив сұқбат берген болатын.