2026 жылдың басына қарай мемлекет фермерлерге төленуі тиіс субсидиялар бойынша қарыз көлемі 341 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қарыздар 2023 жылы міндеттемелер республикалық деңгейден жергілікті деңгейге берілгеннен кейін қалыптасты. Алайда облыстардың басым бөлігінің қазынасында (әсіресе ауыл шаруашылығы жетекші сала саналатын солтүстік өңірлерде) төлемдерді толық әрі уақытылы орындауға жеткілікті қаражат болмаған, деп жазады eldala.kz. Ең ірі қарыз — Қостанай облысында, 83 млрд теңге.
ҰСЫНЫС
Сарапшылар қарыздарды республикалық бюджет есебінен шұғыл өтеуді және мөлшерлемелерді субсидиялауды тоқтатып, барлық келісімшарттар үшін бірыңғай 12,6% мөлшерлеме белгілеуді ұсынады.
– Фермерлер мұндай төлемдерді өздері өтеуге дайын, бұл болашақта бюджетке түсетін жүктемені азайтады, – делінген жарияланымда.
АШМ ҰСТАНЫМЫ
Өткен жылдың қараша айында Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдіктеріне төлемдерді жеделдету үшін «қосымша қаражат көздерін іздестіруді» ұсынған — оның ішінде қолданыстағы бағдарламалар аясында қаражатты қайта бөлу және өзге де ішкі резервтер есебінен.
– Жергілікті бюджеттердің мүмкіндіктері шектеулі екенін ескере отырып, Қазақстан Үкіметі республикалық резерв қаражаты есебінен қосымша қолдау көрсетіп отыр, – деп атап өткен еді ведомство өкілдері.