Жапонияның өрт қауіпсіздігі және табиғи апат салдарын жою агенттігі 20 қаңтардан бері жалғасқан қалың қар мен қатты суық салдарынан 30 адамның қаза тапқанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Сейсенбі күні таңғы сағат 6:00-дегі мәліметке сәйкес, Ниигата префектурасында – 12 адам, Акита префектурасыда – 6, Аомори префектурасыда – 4, Хоккайдода – 3, ал Ямагата префектурасында – 2 адам көз жұмған. Сонымен қатар Иватэ префектурасы, Нагано префектурасы және Симанэ префектурасында бір-бірден өлім жағдайы тіркелген.
ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР
Жалпы ел бойынша 324 адам зардап шеккен, олардың кейбірі ауыр жарақат алған.
ТЕКСЕРІС
Ал Жапония премьер-министрінің кеңсесі тағы тоғыз өлім жағдайы қарлы боранмен байланысты болуы мүмкін деген күдікпен тексеріліп жатқанын мәлімдеді.