Алматы тауларындағы қар барысына спутниктік қарғыбау орнатылды

Сырым Қаржас
Видео кадры

Алматы маңындағы Үлкен Алматы шатқалы соңғы күндері қар барысына қатысты жарияланымдардан кейін блогерлердің, фотографтардың және туристердің ерекше назарын аударды. Жабайы жануарды қорғау әрі оның қозғалысын бақылау мақсатында ғалымдар барысқа спутниктік қарғыбау тағып, бірқатар зерттеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Орнатылған қарғыбау барыстың Алматы төңірегіндегі жүріп-тұру бағытын бақылауға, ықтимал қауіптерге дер кезінде әрекет етуге және адам мен жабайы табиғат арасындағы қақтығыстардың алдын алуға мүмкіндік береді. Құрылғы қашықтан басқарылатын және автоматты түрде шешілетін механизммен жабдықталған, сондықтан 1–2 жыл ішінде өздігінен түсіп қалады.

Мамандардың айтуынша, қар барысының денсаулығы жақсы. Ол соңғы уақытта бірнеше рет камераға түсіп, жыртқышқа деген қызығушылықтың артуы адамдардың назарын өзіне аударған.