Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Сырым Қаржас
ЖИ / ulysmedia.kz

Синоптик мамандар алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Кезеңнің бірінші жартысында Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынды болады.

5–6 ақпанда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ пен тұман құбылыстары, боранмен қатар екпінді жел болады. Сондай-ақ оңтүстік-батыс ауа массаларының келуі күндіз ауа температурасының солтүстікте, шығыста және орталықта 3° аяздан 2° жылуға дейін, оңтүстікте 8–17° жылуға дейін, оңтүстік-шығыста 5–15° жылуға дейін көтерілуіне әкеледі.

Тек кезеңнің соңында солтүстік-батыстан суық ауа массаларының енуіне байланысты жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасы күрт төмендейді.