«Казцинкті» сату процесі қашан басталады?

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Glencore швейцариялық шикізат трейдері алдағы апталарда «Казцинк» компаниясындағы өзіне тиесілі 70 пайыздық үлесті сату туралы жариялауы мүмкін. Бұл туралы Reuters агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сарапшылардың бағалауынша, «Казцинк» активтерінің құны шамамен 5 млрд АҚШ долларына жетуі мүмкін. Бұл мәмілені соңғы жылдардағы Қазақстанның тау-кен металлургиясы саласындағы ең ірі ықтимал M&A келісімдерінің біріне айналдырады.

Осы орайда мұнай-газ және шикізат саласының сарапшысы Нұрлан Жұмағұлов «Казцинк» тобының құрылымына назар аударады. Оның дерегінше, компанияның негізгі активі – Алтынтау-Көкшетау кәсіпорны. Бұл кәсіпорын 2025 жылы елдегі ең ірі салық төлеушілер қатарына еніп, 13-орынға жайғасты. Төленген салық көлемі 142 млрд теңгені құрап, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 47 пайызға артқан.

Қаңтар айының соңында кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліп АХҚО-да жаңа компанияны тіркеді. Егер компанияның атауы KazZinc Group Ltd болмағанда мұның өзі тосын жайт болмас еді. Соңғы айларда ықпалы артып келе жатқан кәсіпкердің Қазақстандағы тау-кен металлургия кешеніндегі ең ірі кәсіпорындардың бірі – «Казцинкті» сатып алу жөніндегі мәмілені аяқтауға жақын екені туралы қауесеттер айтылып жүрген. Ал енді бұл әңгімелер нақты әрі салмақты дәлелмен расталып отыр.