14 ақпанда қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды

Сырым Қаржас
Ulysmedia

Синоптиктер 14 ақпанда Қазақстанның бірнеше қаласында ауа сапасының нашарлауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

"Қазгидромет" мәліметінше, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Риддер және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болады.

АНЫҚТАМА

Мұндай кезде атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы артып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

  • Далада, әсіресе, автожолдар мен өндірістік аймақтар маңында ұзақ уақыт жүрмеу;
  • Балалар мен жүкті әйелдерге далада ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Созылмалы тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
  • Далада физикалық белсенділікті шектеу, спортпен ғимараттарда айналысу.