Синоптиктер Қазақстанның 10 қаласының тұрғындарына ескерту жасады

Сырым Қаржас
pixabay

Cиноптиктердің мәліметінше, бүгін Қазақстанның 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

15 ақпанда Астана, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында ауа сапасы нашарлайды.

АНЫҚТАМА

Мұндай кезде атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы артып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

  • Далада, әсіресе, автожолдар мен өндірістік аймақтар маңында ұзақ уақыт жүрмеу;
  • Балалар мен жүкті әйелдерге далада ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Созылмалы тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
  • Далада физикалық белсенділікті шектеу, спортпен ғимараттарда айналысу.