Алматы халықаралық әуежайы өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамағаны үшін 2 млн теңгеден астам айыппұлға тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Сот материалдарына сәйкес, әуе айлағы Түрксіб ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы 2025 жылғы 11 қарашада берген нұсқаманы орындамаған. Құжатқа сай, әуежай 2026 жылғы 9 қаңтарға дейін анықталған заңбұзушылықтарды жоюы тиіс болған. Атап айтқанда, Air Astana centre 3 ғимаратының батыс жағында контейнерлердің ғимараттардан 18 метрден жақын орналастырылғаны көрсетілген.
Сондай-ақ тексерушілер үй-жайлардың жоспарлануындағы өзгерістерге назар аударған: соның салдарынан халықаралық T-2 терминалының жүк бөлімінде автоматты өрт дабылы мен өрт сөндіру жүйесінің қамту аймағы қысқарған. Жоспардан тыс бақылау тексерісі барысында талаптардың орындалмағаны анықталды.
Нәтижесінде «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Сот 2 162 500 теңге көлемінде айыппұл салды. Бұл ретте әуежайдың жұмысы тоқтатылған жоқ. Қаулыда қызметті тоқтату елеулі әлеуметтік-экономикалық салдарға әкелуі мүмкін екені, сондай-ақ мұндай шараны қолдану міндетті еместігі атап өтілген.