Алматы соты Азаттық радиосының тілшісіне айыппұл салды

Ulysmedia
Фото: Ашық дереккөзден

Алматы соты Азаттық радиосының тілшісіне айыппұл салды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Азаттық радиосының жазуынша, басылым тілшісі Мақпал Мұқанқызының үстінен «Сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу шарттарын бұзу» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған. 17 ақпанда Алматы қаласының әкімшілік соты оған 15 айлық есептік көрсеткіш (64 875 теңге) көлемінде айыппұл салған.

Журналистің үстінен әкімшілік іс қозғауға желідегі жеке парағында конституция бойынша референдумға қатысты қойған «Референдумға барасыз ба?» деген сауалы себеп болған.

Сот кезінде прокурор Айбек Ертайұлы Мақпал журналистің референдум туралы заңды бұзғанын алға тартып, судьядан айыппұл салуды сұрады.

Ал Мақпал Мұқанқызының өзі хаттамада айтылған жайттармен келіспей, жазбасы референдум барысына еш әсері болмағанын алға тартқан.

Заңгер Ольга Диденко процесс кезінде бірнеше өтінішхат түсірген. Олардың арасында сотқа Орталық сайлау комиссиясы немесе аумақтық сайлау комиссиясының өкілін шақыру өтініші де бар.

Судья Расул Жамалбеков өтінішхатты қанағаттандырмаған.