Қазақстанда азаматтардың жеке деректерін жария еткендерге жаза күшейтіледі

Ulysmedia

Бұл туралы салалық министрліктегі ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіхалықов мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Оның сөзінше, қазақстандықтардың жеке деректеріне қол сұққандарға айыппұл көлемі бірнеше есеге өседі.

Қазір жаза 10-500 айлық есептік көрсеткіш арасында екенін еске салайын. Бұл шара жеке деректердің ұрлану фактісін азайтады,- дейді Руслан Әбдіхалықов.

Маманның сөзінше, былтыр қолданушылардың жеке деректері туралы 11 млн жазба қолды болған. Жеке деректердің таралуына байланысты 8 бизнес субъектісі және 15 жеке тұлға жауапқа тартылыпты. Сондай-ақ, дербес деректерді өңдеу операторлары тарату фактілерін бірден меморгандарға хабарлауға міндеттелді.