ҰҚК Жақсылық Омарға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады

Сырым Қаржас
ӨКҚ

ҰҚК ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

ҰҚК хабарлауынша, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Сондай-ақ комитет берілген жауаппен келіспеген жағдайда, оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болатынын атап өтті.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық БАҚ пен Telegram-арналарда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. 

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде бұл жағдайға қысқаша әрі мән-жайсыз түсініктеме берілді. Олар Жақсылық Омарт денсаулығына байланысты уақытша демалыс алғанын айтқан еді.