Министрлік бензин бағасы қымбаттамағанына сенімді

Сымбат Сатыбалдина
Ulysmedia.kz коллажы

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов бензин бағасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Есімханов Қазақстанда бензин бағасы тұрақты дейді. 

- Біздің әріптестеріміз күнделікті мониторинг жасап жатыр. Бәсекелестікті қорғау агенттігі мен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Бензин бағасы қымбаттады деген ақпарат жоқ. Күнделікті бақылап отырмыз. Нақты факт болса, әріптестеріміз тексеріп, шара қолданады, – дейді Сұңғат Есімханов. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін экономист Алмас Чукин АИ-92 литрі 489 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін екенін айтқан болатын.