Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жаңа Конституциядағы "асығыстық" туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Әшімбаев жаңа Конституция асығыс қабылданып жатпағанын, 6-7 ай бойы талқылау жүргенін айтады.
- Бұған дейін осындай талқылаулар болып па еді? Бұған дейін де Конституцияға өзгерістер енгізілді. 30 жылда ондай талқылау болған жоқ. Сондықтан барлық жерде жиындар өтіп, осы мәселе жан-жақты талқыланып жатқандықтан Конституция талқылаудың негізінде қабылданып жатыр деуге толық негіз бар. Бұл асығыс шешім емес. Бәрі ретімен, жан-жақты пысықталып, ақылдасып жатқан жоба, – дейді сенат төрағасы.
КОНТЕКСТ
Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдум 2026 жылғы 15 наурызда өтеді. ОСК бекіткен күнтізбеге сәйкес, үгіт-насихат науқаны үш күнге созылады. 14 наурыз — тыныштық күні, 15 наурыз — дауыс беру күні. Дауыс беру қорытындылары 21 наурыздан кешіктірмей ресми түрде жарияланады.