6 мыңға жуық адамды алдаған «LV FORCE» басшысына үкім шықты

Ulysmedia

ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті «LV FORCE» қаржылық пирамидасын құрды деп айыпталған азаматша Е.Е.Лишкоға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Агенттік мәліметінше, 2018 жылдан бастап Лишко Е.Е. Степногорск қаласының аумағында жеке тұлғалардан түсетін қаражатты қайта бөлу арқылы ақша тартудан кіріс алу мақсатында «LV FORCE» компаниясын ұйымдастыру туралы шешім қабылдап, қаржылық пирамида қызметін ұйымдастырған.

Компания жұмыс істеген кезеңде 5 822 жеке тұлға тартылып, келтірілген шығын көлемі 147 миллион теңгеден асады.
 
Сот Е.Лишконы кінәлі деп танып, оған тыйым салынған мүлкі тәркіленіп, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.