Қазақстанның үстінен жұмбақ ұшақ ұшып өтті

Сырым Қаржас
FlightRadar24

Қазақстан аспанында байқалған «жұмбақ» америкалық әскери ұшақ кімге тиесілі екені анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ресейлік БАҚ пен Telegram-арналар АҚШ-тан ұшып шыққан «анықталмаған» лайнер туралы жазған. Кейбір басылымдар оны АҚШ Әуе күштеріне тиесілі ұшақ деп болжаған. Алайда, gazeta.uz мәліметінше, бұл — Өзбекстан президентінің ұшағы, ол Бейбітшілік кеңесінің саммитінен елге қайтып бара жатқан.

— Ұшақ Вашингтон маңындағы «Эндрюс» әуе базасынан 14:12-де көкке көтеріліп, Канада, Гренландия, Еуропа, Ресей және Қазақстан аумағы арқылы ұшып өтіп, Ташкентке жеткен, — делінген жарияланымда.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, бұған дейін ТАСС Ресей аумағынан өтіп, Қазақстанның әуе кеңістігіне кірген «белгісіз» АҚШ ұшағы туралы хабарлаған. Кейін тағы бір ірі ресейлік басылым «Газета» сарапшыға сілтеме жасап, бортта «ерекше» әскери жүк болуы мүмкін деген болжам айтқан еді.