Қар, боран және тұман: Қазақстанда 22 ақпанда ауа райы қандай болады

Сырым Қаржас
Pixabay.com

"Қазгидромет" 2026 жылғы 22 ақпанға арналған ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Болжамға сәйкес, жексенбі күні Қазақстанда ауа райы қолайсыз болады.

– Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклоны және оған байланысты атмосфералық фронттар әсерін сақтайды. Жаңбыр мен қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады. Елдің солтүстігінде және солтүстік-батысында қалың қар жаууы мүмкін, – деп хабарлады "Қазгидромет".

Сонымен қатар, республиканың кейбір аймағында тұман түсіп, жел күшейеді.