Қазақстанда ауа райына байланысты бірнеше жолда қозғалыс шектелді

Сырым Қаржас
pexels

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше автолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қостанай облысы

  • Жезқазған – Арқалық – Петропавл автожолының 340-377-шақырым аралығындағы учаскеде (Арқалық қаласынан – Ақмола облысы шекарасына дейін) жүк және қоғамдық көліктің қозғалысына шектеу енгізілді.

Ақмола облысында барлық көлік түрі үшін келесі жолдар жабылды:

  •  «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолы, 147-192-шақырым (Жалтыр ауылынан – Жақсы ауылына дейін);
  • «Жақсы – Есіл – Бұзылық» автожолы, 0-82-шақырым (Жақсы ауылы – Бұзылық ауылы).

Ал облыстағы Жезқазған – Арқалық – Петропавл автожолының 377-552-шақырым аралығындағы учаскесінде (Қостанай облысы шекарасынан – Сұрған ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы 23-24 ақпан күндеріне арналған ауа райына болжам ұсынған еді.