Алматының екі базары азық-түлік бағасын шарықтатып жіберген

Ulysmedia

«Алматыда «Жұлдыз» және «Арыстан» азық-түлік базарларында басы артық делдалдардың тізбегі мен сауда үстемесін 15%-дан асырып жіберу фактілері анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Үкіметте өткен жиында айтылды.

Сауда комитеті төрағасының м.а. Айдар Әбілдабековтың дерегінше, облыстар бөлінісінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы жыл басынан бері Маңғыстау өңірінде ең көп өскен (2,9%-ға), онда ӘМАТ қатарына енетін 10  атауы қымбаттаған. Сондай-ақ Ұлытау облысында (бағаның өсуі – 2,6%) және Астана қаласында (өсу – 2,1%) ең нашар көрсеткіштер тіркелді.

Сондай-ақ, Әбілдабеков СҚО-да үй маңындағы дүкенге жұмыртқа (С1) жеткізген делдал анықталғанын айтты. Бұдан бөлек, Алматы облысында Бәсекелесткті қорғау және дамыту агенттігі екі кәсіпорынның әрекеті әлеуметтік санаттағы тауық жұмыртқаларын сату кезінде бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттердің белгілері барын қарастыруда.