Қазақстандағы Еуропалық Одақ делегациясы Украинадағы соғысқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Делегация Ресейдің Украинаға жасаған агрессиясына төрт жыл толуын еске алды.
- Біз украин халқының бастан өткерген қиындықтарын, сондай-ақ он екі жылдан астам уақыт бойы көрсетіп келе жатқан батылдығы мен төзімділігін ұмытпауымыз керек. 2014 жылы Қырым заңсыз қосып алынды. Содан бері олар бейбіт өмір көрген жоқ. Сондықтан біз, Еуропалық Одақ Украинада ұзақ мерзімді әрі тұрақты бейбітшілікті қолдауды жалғастырамыз, – дейді Қазақстандағы Еуропалық Одақтың елшісі Алеcка Симкич.
САРАПТАМА
1461 күн. Ресейдің арнайы әскери операция деп атаған Украинаға басып кіру әрекетіне осынша уақыт өтіпті. Үш күнде аяқталады деп масайраған Путин сөзі желге ұшты, талай әскері жер құшты. Төрт жыл өтті. Осынша уақыт өткенде әлем қалай өзгерді, Ресей мен Украина хәлі нешік – Ulysmedia.kz тілшісі саралап көрді.