Ұлыбритания Ресейдің «Транснефть» компаниясына қарсы санкция салды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі Ресейге қатысты санкциялар тізімін жаңартып, оған 240 ұйымды, 50 кемені және жеті адамды қосты. Тізімге, атап айтқанда, Транснефть, «Точка Банк», Газпром СПГ Портовая, «Росатомның» бірқатар құрылымдары, сондай-ақ Қытай, Үндістан, БАӘ және Таиландта тіркелген компаниялар енгізілген.
«Транснефтьке» қатысты санкциялар компания активтерін бұғаттауды көздейді. Сонымен қатар шектеулер сенімгерлік қызмет көрсететін жеткізушілерге және компания басшылығына да қолданылған.
Сонымен қатар, «Транснефтьпен» қаржылық операциялар жүргізуге уақытша рұқсат беретін лицензия 9 сәуірге дейін жарамды.