Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов. тегін дәрілерге қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Мәжіліс кулуарында журналистер көп дәрілер тегін дәрілер тізімінде жоғын, бірақ соған қарамастан халық МӘМС жарнасын төлеп отырғанын айтты.
- Алдымен бәріміз салауатты өмір салтын сақтануымыз керек. Ауырмауға тырысу керек. Д3-тің адам ағзасына қаншалық қажет екеніне байланысты кейбір ғалымдардың арасында әлі күнге дейін дау бар. Егер Д3 қажет болса оны жасау керек. Барлық анализді дәрігердің айтуымен жасау керек. Науқас адам өзі барып “маған Д3 керек” деп айтпауы керек. Егер емханадағы дәрігер анализ, диагностика, басқа да нәрсеге бағыт жіберсе, біз олардың бәрін жасаймыз, – дейді Мұратов.