Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Қарағанды облысында апат болған жойғыш ұшақ туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Дәурен Қосановтың сөзінше, апатқа ұшыраған жаңа ұшақ.
- Біздегі СУ-30СМ ұшақтарының бәрі жаңа. Ешкімнің қателігі емес. Оны комиссия тергеу өткізіп жатыр. Тергеу нәтижесін қосымша хабарлаймыз. Бұл 2022 жылы қолданысқа енгізілген ұшақ. Ресей шығарған жойғыш ұшақ. Ұшақ жалпы 230 сағат ұшқан, – дейді министр.
КОНТЕКСТ
Еске салайық, 25 ақпан күні Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары барысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшыраған болатын.
Ұшақ экипажы дер кезінде катапульт жасады. Ұшқыштар дін аман, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп болған жоқ.