Атырауда ата-енесін өлтірді деген күдікке ілінген күйеубаланың суреті тарады

Сырым Қаржас
Фото: inp.polri.go.id

Индонезияның Солтүстік Ломбок аймағында Интерполдың нарзарына ілінген, Қазақстан азаматы қолға түсті. Ол екі адамды өлтірді деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Солтүстік Ломбок округтік полициясының мәліметінше, 29 жастағы Қазақстан азаматы С.С. (инициалдары көрсетілген) Сенару ауылындағы қонақүйлердің бірінде ұсталған. Арнайы операция Индонезия ұлттық полициясының Халықаралық байланыстар департаментімен бірлесіп жүргізілген.

Солтүстік Ломбок полициясының басшысы, комиссар Агус Пурванта бұл ұстау Интерполдың қызыл хабарламасы мен Қазақстан сотының шешіміне негізделгенін айтты.

— Бұл — 2026 жылғы 8 қаңтарда Атырау қаласының соты шығарған шешімнің және Интерпол хабарламасының аясында жүргізілген операция, — деді ол.

ОТБАСЫНЫҢ ЖОҒАЛУ ОҚИҒАСЫ

Отбасы мүшелерін іздеу былтырғы жылдың 25 желтоқсанында туыстары құқық қорғау органдарына жүгінгеннен кейін басталды. Кейін шаруашылық құрылыстан үй иесі мен оның жұбайының денелері табылды. Қаза тапқандардың үш баласы болған: 35 және 30 жастағы екі қызы, сондай-ақ 32 жастағы ұлы. Ерлі-зайыптылар мен олардың екі баласы (35 жастағы қызы және 32 жастағы ұлы) ресми түрде 2025 жылғы 25 желтоқсанда із-түзсіз жоғалғандар тізіміне енгізілді. Алайда туыстары олармен байланыс қараша айында үзілгенін айтады.

Бір қызығы, отбасының кенже қызы 30 жастағы Ақбаян Мұқанғалиева 7 қаңтарда ғана іздеуге жарияланған. Оның күйеуі қос адам өлтіру ісі бойынша басты күдікті болды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ерлі-зайыптылардың бес баласы бар. Қазіргі уақытта олар күйеуінің туыстарының қарауында.

АЙҒАҚТАР

Тінту кезінде күдіктілерден:

  • шетелдік паспорттар,

  • ұялы телефондар,

  • халықаралық банк карталары тәркіленген.

Қазіргі таңда қазақстандық күдікті Солтүстік Ломбок полиция бөлімінде қамауда отыр. Оны Қазақстанға қайтару мәселесі Индонезияның Заң және адам құқықтары министрлігі арқылы экстрадиция рәсімі шеңберінде қаралады.