Наурыздың алғашқы күндері ауа райы қандай болады?

Сырым Қаржас
Фото: pexels

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Күнтізбе бойынша көктем жақындағанымен, қақаған қыс ызғары әлі де сақталады. Ауқымды антициклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне ықпалын сақтап, жауын-шашынсыз аязды ауа райын ұстап тұр.

Тек 2 наурыздан бастап еліміздің батыс өңірлеріне циклон жылжи бастайды. Соның әсерінен қар жауып, боран соғады, ал оңтүстік аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Желдің күшеюі және ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанады.