Елордада жеңіл рельсті көлікті іске қосуға дайындық жалғасып жатыр. Жаңа желі бойымен алғашқылардың бірі болып бірінші вице-премьер Роман Скляр мен Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жүріп өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Әлеуметтік желілерде вице-премьер мен қала әкімінің ЛРТ-де түскен фотосуреттері тарады. Желі қолданушылары бұл жайтқа түрлі пікір қалдырған.
– Ұлан-ғайыр Отанымыздың астанасында қала әкімі мен вице-премьер жасырынып мініп жүр екен. ЛРТ депутаттар мен министрлерге, сондай-ақ жақын адамдарға арналған. Қызметтік көліксіз жұмысқа барып-келу үшін, – деп жазады олар.
Алайда Үкіметтің баспасөз қызметі бұл жұмыс сапары екенін мәлімдеді.
АЛ ШЫН МӘНІНДЕ
Жеңіс Қасымбек пен Роман Скляр «Әуежай», «Бәйтерек» және «Министрліктер үйі» стансаларын аралап көрген. Қазіргі таңда бүкіл желі бойында сынақ режиміндегі пайдалану жүріп жатыр. Қауіпсіздік, инфрақұрылым тексеріліп, персонал төтенше жағдайларға дайындалуда. Сынақтар тәулігіне 12 сағаттан астам уақыт бойы, соның ішінде түнгі мезгілде де жүргізіледі. Жолаушылар тасымалын бастау мерзімі техникалық дайындық толық расталғаннан кейін жарияланады. Билік өкілдері ЛРТ алдағы бірнеше айда жолаушыларды тасымалдай бастайды деп отыр.