Әзербайжан арнайы қызметтері бірнеше террорлық актінің алдын алды

Сырым Қаржас
br.az

Әзербайжан арнайы қызметтері елдегі стратегиялық нысандар мен діни қауымдастықтарға бағытталған бірнеше террорлық әрекеттің алдын алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Әзербайжан мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, террорлық шабуылдар арнайы қызметтердің қатысуымен дайындалған деген болжам бар, оның ішінде Иран тарапының да қатысы бар болуы мүмкін. Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, мұны Иран Ислам революциясы корпусы жоспарлаған. Бұл ақпаратты ведомствоның баспасөз қызметі таратты.

ҚАНДАЙ НЫСАНДАРҒА БАҒЫТТАЛҒАН?

Әзербайжан арнайы қызметтерінің хабарына қарағанда, шабуылдар стратегиялық маңызды нысандар мен діни қауымдастық өкілдеріне қарсы жоспарлаған. Олардың қатарында:

  • "Баку–Джейхан" мұнай құбыры;
  • Әзербайжандағы Израиль елшілігі;
  • таулы еврей қауымдастығының бір жетекшісі;
  • Ашкеназ синагогасы.

Жоспарларды іске асыру үшін ел аумағына үш жарылғыш құрылғы әкелінгені хабарланған.

АЛДЫН АЛУ

Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің дерегінше, жарылғыш құрылғыларды үшінші тұлғаларға беруге әрекет жасалған кезде арнайы операциялар арқылы әрекет тоқтатылған. Операциялар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елдің стратегиялық инфрақұрылымын қорғау мақсатындағы кешенді контрбарлау шаралары шеңберінде жүргізілген. Ведомство бұл әрекеттердің арқасында құрбандар мен ірі залалдың алдын алғанын атап өтті.

СОТ ЖӘНЕ АЙЫПТАР

Операциялардан кейін Әзербайжанның бірнеше азаматы жазаланды. Сот төрт адамды кінәлі деп тауып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Тағы екі адам қоғамдық белсендіге шабуыл жасауға дайындалғаны үшін айыпталып отыр, ал бір адам қару-жарақ пен жарылғыш заттарды заңсыз сақтау ісі бойынша тергеліп жатыр. Бұл айыпталушыларға қамау түріндегі алдын алу шарасы қолданылған.