"Онсыз болашақ жоқ". Кәсіпкер Қазақстанға не жетіспейтінін айтты

Сырым Қаржас
Видео кадры

Кәсіпкер және қоғам қайраткері Серік Толықпаев Қазақстанға не жетпейтінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

- Менің ойымша, халыққа, елге шын жүректен қызмет ету жетпейді. Өз халқыңды өзің сүюің керек. Ол болмаса, халықта болашақ жоқ. Ең керек нәрсе. Оны дұрыс түсініп, өз-өзіңді кім екеніңді қабылдай білу керек. Соны бір істермен ары қарай жалғастыру керек. Ең тереңгі ой сол. Өз халқыңды өзің сүюің керек. Ол мемлекет жұмысшыларына, кәсіпте жүрген адамдарға, бәріне керек қасиет, онсыз болашақ жоқ, – дейді кәсіпкер Dope soz-де.

Кәсіпкер әр елдің мәдени “қабаты” болады дейді.

- Бізде ол жібек секілді жеңіл. Қайда жүрсең де жеңіл жүресің. Соны сақтап қалу қиын. Себебі ол білінбейді. Соны сақтап қалудың жолы – халқыңды сүю, жеріңді, ұлтыңды, дәстүріңді түсіну. Халыққа соны жеткізу – ең үлкен мәселе, – дейді Серік Толықпаев.