Күйеуінің шотын тексермек болған әйел конституциялық сотқа дейін жетті

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Конституциялық Сот ерлі-зайыптылардың банк құпиясына қол жеткізу мәселесін қарады. Азаматшаның өтініші негізінде Конституциялық Сот «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңының 50-бабы 4-тармағының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін тексереді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Аталған нормаға сәйкес, банк құпиясын құрайтын мәліметтер тек клиенттің өзіне немесе шот (мүлік) иесінің келісімімен үшінші тұлғаға ғана ашылуы мүмкін.

Азаматша көрсетілген ереже іс жүзінде ерлі-зайыптылардың бірінің ортақ жинақтар туралы ақпарат алу мүмкіндігін шектейді және ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске құқықты іске асыруға кедергі келтіреді деп есептейді. 

ІСТІҢ МӘН-ЖАЙ

Өтініште некені бұзғаннан кейін ортақ мүлікті бөлу туралы талап-арыз дайындау барысында өтініш беруші бұрынғы жұбайының неке кезеңінде жинақтаған қаржылық қаражаты туралы мәліметтерді ала алмағаны көрсетілген. 

СОТ ШЕШІМІ

Осыған байланысты ол екінші деңгейдегі банктерге қатысты тиісті ақпаратты ұсыну міндетін жүктеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінген. Алайда сот талаптарды қанағаттандырудан бас тартқан.