Қазақстан Ресейден қашқандарды қайтару туралы шешім қабылдағаны рас па?

Сырым Қаржас
ngs.ru

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев мобилизация кезінде Ресей Қазақстанға қашқандарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Желіде Қазақстан мобилизация кезінде Ресейден қашқандарды қайтару туралы шешім қабылдады деген ақпарат тараған болатын. Ашықбаев бұл “алыпқашпа әңгіме” деп бағалады. 

- Жалпы Қазақстаннан пана іздеген шетел азаматтарына қатысты біздің халықаралық міндеттемелірімзге сай жұмыс істейміз. Ресейліктердің елге қайтарылуы туралы мәселе тиісті құқықтық процедураның сақталуын талап етеді. Олар алдымен пана іздеуші мәртебесін алады. Содан кейін тиісті мемлекеттік органның шешімі болады. Онымен келіспеген жағдайда азаматтар сотқа жүгінеді. Содан кейін ғана елдеріне қайтару жұмыстары жүреді, –дейді Ашықбаев. 

Ержан Ашықбаев Ресей нақты қанша азаматты қайтару туралы хабардан бейхабар екенін айтады. 

2022 ЖЫЛҒЫ КӨШ

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2022 жылы Ресей билігі Украиндағы соғысқа байланысты мобилизация жариялаған тұста Қазақстанға 837 мың ресейлік кірген, олардың 780 мыңы Қазақстаннан шығып кеткен. Бұл туралы сол жылы желтоқсанда Астанада өткен брифингте министрлікке қарайтын миграция комитетінің басшысы Ілияс Испанов мәлімдеген еді. Испановтың сөзінше, қазір Қазақстанда 298 мың ресейлік бар, оның ішінде 30 мыңы елде жұмыс істеуге қалған. Бұған қоса, министрліктің мәліметінше, Қазақстанда 20 мың ресейлік студент оқиды.