Көктемнің лебі сезіледі: алдағы күндері ауа райы жылына бастайды

Сырым Қаржас
ЖИ / ulysmedia.kz

Алдағы күндері күн жылына бастайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

12 наурыздан бастап Қазақстанның бүкіл аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі деп күтілуде: солтүстік өңірлерде оң температура жақын байқалса, ал оңтүстік өңірлерде 14 наурызға қарай термометр бағандары +5…+10°С көрсетеді.

АСТАНА

Астана қаласында 12 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, түнде кей уақыттарда 30 м/с және одан аса болады.

АЛМАТЫ

Алматы қаласында 12 наурызда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15 м/с.

ШЫМКЕНТ

Шымкент қаласында 12-14 наурызда кей уақыттарда тұман болады.