Saudi Aramco мұнай компаниясы Украина дрондарын сатып алуы мүмкін

Ulysmedia
Фото: ашық дереккөзден

Сауд Арабиясының Saudi Aramco мұнай компаниясы Украина дрондарын сатып алуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Әлемдегі ең ірі мұнай экспорттаушы компаниялардың бірі – Saudi Aramco Иранның дрон шабуылдарынан мұнай кен орындарын қорғау үшін Украинадан дрон-ұстағыштар сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы The Wall Street Journal дереккөздеріне сілтепхабарлады.

Saudi Aramco Украинаның дрон өндіретін SkyFall және Wild Hornets компанияларымен жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар Сауд Арабиясының билігі Phantom Defense компаниясымен дрондардың байланысын тұншықтыруға арналған радиоэлектрондық күрес жүйелерін сатып алу мәселесін де талқылап жатыр.

WSJ дереккөздерінің айтуынша, Saudi Aramco бұл бағыттағы сатып алуларды өз үкіметі мен аймақтағы бәсекелестерінен, соның ішінде Qatarдан бұрын жүзеге асыруға ұмтылып отыр.

Контекст

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың өтініші бойынша Иорданияғадрон-ұстағыштар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары бойынша сарапшылар тобын жібергенін айтқан.