Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жаңа Конституция бойынша референдум қандай жағдайда өтпеді деп танылуы мүмкін екенін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, референдумның өткен-өтпегенін анықтайтын барлық талап Конституцияда нақты көрсетілген.
– Конституция нормасына сәйкес, референдумға сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 50 пайыздан астамы қатысуы тиіс. Әңгіме Конституция мәтіні туралы болғандықтан, қосымша талап та бар: ел өңірлерінің кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысу деңгейі 50 пайыздан жоғары болуы керек, – деді Әбдіров.
Сонымен қатар, тағы бір шарт бар: референдумға келген азаматтардың жартысынан көбі жаңа нормаларды қолдап, «иә» деп дауыс беруі тиіс.
– Егер бұл талап орындалмаса, онда референдум өтпеді деп есептеледі және халық оны қолдамады деген қорытынды жасалады, – деп түсіндірді ОСК төрағасы.