Талғардың бұрынғы әкімі таксист болып жүр

Сырым Қаржас
Фото: instagram

Талғардың бұрынғы әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы таксист болып жүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы әкімнің өзі журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұқбатында айтты. 

- Қазір үшінші күн болды, күн-түн демей таксист болып жүрмін. Өзімнің көлігім жоқ. Көлікті жалға аламын. Үйде жатқаным ұят болды. Бала-ашғамды асырауым керек. Бұрынғы әкім – қазіргі таксист болып жүрмін. Түнгі үшке дейін жүрдім. Жоспар бойынша күніне 18 500 теңге жасау керек, – дейді экс-әкім.

ОТСТАВКА

Еске салайық, Талғар қаласының әкімі болған Арыстанбек Әбілқайырұлы денсаулығына байланысты биыл 12 ақпанда отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын хабарлаған болатын. 

Арыстан Әбілқайырұлы әкім қызметінде бір жылдан сәл аса уақыт — бір жыл екі ай жұмыс істеді. Ол бұл лауазымға 2024 жылдың желтоқсанында өткен сайлауда жеңіске жеткеннен кейін келген. Оған дейін қаланы Бақыт Күрішбеков басқарған. Күрішбеков Шерзат Полаттың резонанс тудырған өлімінен кейін қызметінен алынған еді — сол кезде аудан басшылығы қатаң сынға ұшыраған.