Дрон шабуылынан кейін Дубай әуежайы тағы да жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Дубай халықаралық әуежайы маңында дрон шабуылынан кейін өрт шыққан Бұл туралы БАӘ Азаматтық авиация басқармасы X әлеуметтік желісінде хабарлады. Осы оқиғаға байланысты әуежайдағы рейстер уақытша тоқтатылған. Рейстердің қайтадан қашан басталатыны әзірге белгісіз.
Азаматтық авиация басқармасы бұндай шешімді жолаушылар мен әуежай қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданғанын мәлімдеді.
Дрон әуежай маңындағы жанармай сақтайтын резервуарлардың біріне құлаған. Салдарынан өрт шыққан. Reuters агенттігінің жазуынша, өрт толықтай бақылауға алынған.
Контекст
28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастаған. Сол уақыттан бастап Таяу Шығыста тыныштық жоғалған. Иран қарымта ретінде АҚШ-тың аймақтағы әскери базалары мен Израильді зымыран және дрондармен шабуылдаған. БАӘ, Бахрейн, Қатарда азаматтық нысандарға дау шабуыл жасалғаны хабарланған.