Тоқсаныншы жылдардың жұлдызы, әнші Рахат Тұрлыханов отбасылық жанжалға байланысты полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Алматы қаласы полиция департаменті оқиғаны растап, түсініктеме берді.
- Алматының Медеу ауданында болған отбасылық жанжал фактісі бойынша полиция қызметкерлері келіп түскен шақыру бойынша шығып, оқиғаға қатысушыларды тексеру үшін аудандық полиция басқармасына жеткізді. Тексеру барысында әйел бастапқыда өзіне күш қолдану туралы хабарлаған, алайда кейіннен ұрып-соғу фактісін теріске шығарып, отбасылық жанжал фактісі бойынша өтініш берген. Қарау нәтижелері бойынша ер адамға қатысты ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - делінген хабарламада.
1984 дүниеге келіп, небары 15 жасында «Зимние ливни» әнімен эстраданы шулатқан кейіпкеріміз кенеттен сахнамен қоштасып, Англияда оқыды. Содан кейін, 2011 жылы Лондондағы Қазақстан елшілігінде істеп жүргенде жол-көлік ережесін жиі бұзып, айыппұл жағынан рекорд орнатқанның салдарында елге қайтты. Қазақстанда «Атамекен» одағында жастар кәсіпкерлігі департаментін басқарып үлгерді. Бүгінгі таңда нақты қандай қызметпен шұғылданатыны белгісіз, алайда инстаграм-парақшасында өзін кәсіпкермін деп көрсеткен.
БҰҒАН ДЕЙІН
Рахат Тұрлыханов бұған дейін бірнеше рет әйеліне қол көтергені үшін 10 тәулікке қамалған.