Референдумның қорытынды нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға 9 127 192 адам қатысты (оның ішінде шетелдегі азаматтар да бар). Бұл – жалпы сайлаушылар санының 73,12 пайызы.
Олардың ішінде 7 954 667 адам немесе 87,15 пайызы ұсынылған өзгерістерді қолдап дауыс берген.
Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді.