Халықаралық нарықта Қазақстан мұнайы қымбаттады, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Таяу Шығыстағы қақтығыс шиеленіскен тұста халықаралық нарықта Қазақстан мұнайы қымбаттады.
Reuters агенттігінің жазуынша, қазақстандық CPC Blend және әзербайжандық Azeri BTC мұнайы осы айда қымбаттаған.
Трейдерлердің дерегінше, наурыз-сәуір айларына арналған CPC Blend партиясы өткен аптада Brent маркалы мұнайға қарағанда барреліне 1–2 долларға қымбатырақ сатылған. Бұған дейін ол 5 долларға дейін жеңілдікпен саудаланған.
Контекст
CPC Blend – Теңіз, Қашаган, Қарашығанақ өндіретін мұнай сорты. Ол Каспий құбыр консорциумы арқылы халықаралық нарыққа шығарылады. Бұған дейін Каспий құбыр консорциумының инфрақұрылымдарына украин дрондары бірнеше рет шабуылдаған.