Украиналық елшілер ядролық мәртебе тақырыбын көтере бастады

Ulysmedia

Тек ядролық мәртебе ғана Украинаға қауіпсіздік кепілдігін бере алады. Бұл туралы Украинаның Германиядағы елшісі Алексей Макеев Deutsche Welle-ге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Ол Ресей Будапешт меморандумын бұзған кезде ядролық мемлекеттер, соның ішінде АҚШ пен Ұлыбритания Украинаға қауіпсіздікке толық қолдау көрсетпегенін еске салды.

"Бұл әлемнің барлық елдері үшін қауіпті белгі болды, мемлекеттер тек ядролық қару ғана оларды осындай агрессордың шабуылынан құтқара алатынын түсінді. Сондықтан біз бұл талқылауды бастағымыз келеді", - деді дипломат.

Макеев ол меңзеп отырған кепілдік қандай болуы мүмкін екендігі туралы дайын ұсыныстары жоқ екенін атап өтті. Алайда, ол президент Владимир Зеленский 2022 жылдың басында “Қауіпсіздік шарты” идеясын ұсынғанын еске салды.

"Бүкіл әлем бұл кепілдіктер Ресейдің оларды бұзбауын қадағалайтын нақты құралдармен қамтамасыз етілгеніне көз жеткізуі маңызды", - деп қосты елші.